"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БІРЖАН САЛ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ ҚЫЗЫЛҰЙЫМ АУЫЛЫНЫҢ НЕГІЗІГІ ОРТА МЕТЕБІ" КММ
КГУ «ОСНОВНАЯ СРЕДНЯЯ ШКОЛА СЕЛА КЫЗЫЛУЮМ ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО РАЙОНУ БИРЖАН САЛ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Тәуелсіздік күні.

21.12.2020

Тәуелсіздік күні.

   Қазақстандық патриотизмді, өз жеріне деген сүйіспеншілікті, мақтанышты тәрбиелеуге ықпал ету мақсатында Қызылұйым негізгі  мектебінде  16 желтоқсан  Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 29 жыл толуына орай жоспар бойынша іс-шаралар өткізілді.

   14 желтоқсан жоғары сыныптар арасында «Менің Қазақстаным» атты интеллектуалды-танымдық сайыс өткізілді. Сайыс алдында  оқушыларға презентациялар көрсетіліп, балаларға Тәуелсіздіктің оңай жолмен келмегендігі түсіндіріліп айтылды. География пәні мұғалімі  Қылышбаев Р.Т. құттықтау сөз сөйлеп, сайысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. 

   Сайысқа 5-9 сынып оқушылары белсене қатысып,өз білімдерін көрсете алды. Бірнеше кезеңнен тұратын сайыс қазақ тілі, тарих, география, сурет, музыка, өлкетану пәндеріне байланысты  қойылды. Сайыс өте қызықты және көңілді болып өтті. Сайыс қорытындысы бойынша  жүлделі 1-ші орынды Рахимбекова Аружан, 2-ші орынды Қайыркешова Сабина, 3-ші орынды Қайыркеш Жансерік иеленіп, мадақтамалармен марапатталды.

   15 желтоқсан Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында 2-сынып оқушыларын карантиндік шектеулерді сақтай отырып  "Жас Ұлан" біріңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының құрамына қабылданды, соңы концертпен жалғасты.

Мектебімізде Тәуелсіздік күніне орай жоспар бойынша Тайлақова А.И. ұйымдастыруымен "Тәуелсіз елім-кең байтақ жерім" атты тақырыпта тәрбие сағаты өткізілді.  Мақсаты еліміздің тәуелсіздік алу жолындағы ата-бабаларымыздың ерлігін паш ету, оқушыларға желтоқсан құрбандарымен, желтоқсан оқиғасына қатысқан аға-апалардың ерлігін үлгі етіп көрсету.

Тәуелсіздік күніне 1-9 сыныптарда тәрбие сағаттары өткізіліп, бейнеролликтер көрсетілді.

 

Просмотров: 352


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст