"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БІРЖАН САЛ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ ҚЫЗЫЛҰЙЫМ АУЫЛЫНЫҢ НЕГІЗІГІ ОРТА МЕТЕБІ" КММ
КГУ «ОСНОВНАЯ СРЕДНЯЯ ШКОЛА СЕЛА КЫЗЫЛУЮМ ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО РАЙОНУ БИРЖАН САЛ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Тәуелсіздікпен тағдырлас білім ошағы

                          Тәуелсіздікпен тағдырлас  білім  ошағы

 

    30 жыл... Аз ба, көп пе? Әрине, мыңжылдықтармен  ғана  санасатын қарт тарих үшін 30  жыл деген сан бір-ақ  мезет, қас қағым сәт қана. Алайда, тәуелсіз мемлекет ретінде Қазақстанның жүріп өткен жолы ғасырға жүк болар уақыт өлшемі, себебі ұзақ уақыт «орталыққа» тәуелді  болған шынжырды үзіп, аз уақыт ішінде алдыңғы қатарға  шығып, дұрыс жолды таңдаудың арқасында танымал елге айналды. Еліміздің көгінде тәуелсіздік туы желбірегеннен бері өшкеніміз жанды, өлгеніміз қайта тірілді, ата-баба дәстүрі  көш түзеді, халқымыз еңсесін тіктеп жарқын болашаққа қол созды. Содан бері атқан оқтай зулап, табандатқан 30 жыл өтті. Қазақстанның 30 жылдық ғұмырына көз салсақ, ауыз толтыра айтарлықтай,  көкірегіңді мақтаныш сезімі кернеп, еске аларлықтай жеткен жетістіктері, асқақ асулары мен бағындырған белестері  қуантады. Осынау тәуелсіздікпен тағдырлас,

ауылымызға ұйытқы болып отырған шағын ғана Қызылұйым ауылының негізгі орта мектебінің 30 жылдық тарихы да еліміздің алған 30 жылындағы ғұмырымен үндес, тамырлас, өзектес тіршілік етіп келеді. Мектебіміз   мұнартқан Көкше жерінің Бүркітті шоқысының етегіндегі айдын шалқар Жөкей көлінің жағалауында орналасқан.

          1991 жылы мектебіміздің ашылуына байланысты салтанатты жиын ұйымдастырылып, мектептің алтын кілті марқұм Досымбек Сауытбекұлына табысталып еді, бүгінгі күні сол мектептің ашылғанына да тура 30 жыл то- лып отыр. Өзім де, басқа да бірнеше әріптестерім отыз жылдан бері осы білім ошағында бірлесе, ұжымдаса жұмыс істей біліп, мүддемізді бір мақсатқа жұмылдыра  біліп, қиыншылықта бір-бірімізді қолдап, қуанышта шын пейілмен қуана білдік.  

           Бүгінгі күні мектебімізде 15 мұғалім шәкірттерге сапалы білім беріп, шығармашылықпен  жұмыс істеп жүр, оның 11-і жоғары білімді, 4-еуі орта арнаулы. Осы салада абыроймен, шығармашылықпен  жұмыс істеп келе жатқан, суыққа тоңып, ыстығына күйген, осы жолда денсаулығы сыр бере бастаған менің сапарлас, тағдырлас, бүгінде алды зейнеткерлік жасқа жеткен әрбір әріптесімді  мақтанышпен айтып өткім келеді. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, бірлесе отырып талай сыннан сүрінбей өтіп, небір сайыстар- да жеңіске жетіп, талай тексерістен өтіп, мектебіміздің намысын қорғай біл- дік. Өзімнің  де, бірнеше әріптестерімнің де еңбек кітапшасында осы мектепке келгеннен бергі жазбасы өзгертілмеген.

      Әріге үңілмей-ақ, соңғы үш жылдағы көрсеткішімізге тоқталсам, сапалы білім нәрімен сусындаған, жан-жақты дамыған, өзгеріске бейім, жаңалықты өз қабілетіне сай  меңгере алатын  шәкірттеріміз 2018-2019 оқу жылында үлкен білім додасы –аудандық пәнаралық олимпиадада  қазақ тілі, химия, физика пәндерінен жүлделі  І-ІІ орындарды жеңіп алып, командалық ІІІ орынды иеленсе, 2019-2020 оқу жылында қазақ тілі, тарих пәндерінен жүлделі ІІ орынды қанжығалап, мақтау қағаздарымен және ІІ деңгейлі медальдармен марапатталып, негізгі мектептер арасында үздік болдық.  Оқушыларымыз «Жарқын болашақ», «Абай оқулары», «Кенгуру», «Ақбота», «Британ бульдогы», «Орыс қонжығы» сайыстарына үнемі қатысып, мақтау қағазы, дипломдармен марапатталып жүр. Аудандық көркемөнерпаздар байқауына қатысып, «Ақмола жұлдыздары» атанды, оқушыларымыз бірне- ше жыл қатарымен «Бояулар құпиясы» сайысына қатысып, жеңімпаз атанды.

       Салауатты өмір салтын ұстанған  шәкірттеріміз спорттық іс-шараларға да

белсене қатысып, асық атудан, әсіресе «Бес асық» ойынынан аудан, облыс көлемінде жеңімпаз атанып, қазақша күрестен, футбол ойнаудан жақсы көр- сеткіштерге ие болып жүр. Үстіміздегі жылы қазан айында аудан көлемінде туризм күніне байланысты ұйымдастырылған сайыста 9- сынып оқушысы Қаскенов Уалиханның «Қазақстан- менің Отаным» тақырыбына салған суреті өте жоғары бағаланып, 1-орынды иеленді және бағалы сыйлықпен марапат- талды. Шәкіртіміз өз жеңісін Тәуелсіздігіміздің, мектебіміздің 30 жыл-  дығына тарту етті.

        Бірнеше жылдан бері мектеп бітірген түлектеріміз әр са- ладағы колледждерге тегінғ яғни ақысыз оқуға түсіп, қызыл диплом алып жатқан шәкірттеріміз де баршылық.

        Ауыз толтырып айтарлық үлкен бір  жетістігіміз ол жерлесіміз,  демеушіміз, ел азаматы - Жакенов Мейрам Әміржанұлының арқасында біздің мектеп  бірнеше жылдан бері республика көлемінде жұмыс жасап келеді десек, артық айтқандық емес. 2018 жылы мектебімізге американдық Ричардс есімді шетелдік қонақ келіп, біздермен, оқушылармен танысып, өзі жұмыс істейтін мектеп өмірімен таныстырып, балаларға теннис столын, көпбалалы отбасындағы балаларға сыйлық, әртүрлі спорттық доптар және әр оқушыға  оқу құралдарын сыйға тартты. 2019 жылы  Германияның Ганновер қаласынан оқытушылар мен балалар келіп, өз тәжірибелерімен алмасып, өздері оқитын  мектеп өмірі туралы презентация дайындап, көрсетті, соңынан біздің балаларға  тәттілер мен естелік сувенирлер, қызықты кітаптар табыстады. Біздер оларға домбыраның шағын мүсіні мен қамшыны сыйға тарттық. Түстен кейін біздің блалармен бірігіп, спорт кешенінің ашылуына орай салтанатты жиын өткіздік, соңынан дастархан жайып, қазақтың ұлттық тағамдарынан сүйсіне ауыз тиіп, оқушыларымыз ұлттық тағамның қалай дайындалатынын ағылшын тілінде баяндап берді. Балалармен бірге өзіміз  де  тамаша бір сезімде болдық. Кейін Малайзияның «Pusat Permata pinat Neqara» («Центр национальной жемчужины»)  мектебінен бірнеше оқушылар мен мұғалімдер келіп, мектебімізде ерекше күн болды. Олар да өздері оқитын мектеп туралы таныстырылым жасады, біздің оқушылар да өз презентациясын екі тілде көрсетіп, соңынан мұғалімдер мен оқушылардың ұйымдастыруымен концерттік бағдарлама тамашаланды. Малайзиялық қонақтарымыз біздің ұлттық киімімізді тамашалап, қайта-қайта суретке түсіп жатты. Ағылшын тілін жетік игерген оқушыларымыз шетелдік қонақтармен еркін тіл табыса білді. Соңынан қонақтарымызбен бірлесе «Мызғымас достық аллеясына» бірнеше түп ағаш отырғыздық.  Араға бір ай салып, мектебімізге Шотландиядан қонақтар келді, оларға шашу шашып, салтанатпен қарсы алып, олар өз елдері, ұлттық киімдері, ұлттық тағамдары туралы әңгіме қозғаса, біздер қазақтың ұлттық киімі, ұлттық тағамы, қазақтың қара домбырасы туралы презентация көрсетіп, қонақтарымызды қазақтың салт-дәстүріне тәнті еттік. Шотландық қонақтарымыз өз елдерінен әкелген сыйлықтарын, тәттілерін балаларға үлестіріп берді. Біз де қазақтың қонақжайлылығын көрсетіп, ақ дастархан жайып, арқаларына шапан жауып,  құрмет көрсеттік.  Біздер де, қонақтарымыз да мәре-сәре болып, мекте-  біміздің тарихында қалатын тамаша күндерді бастан кешірдік.

   «Ауыл мектептері даналар мен дарындарды шығарған, әлі де шығара берер киелі қара шаңырақ» деп жай айтпаған, үлгі боларлық, мақтаныш етерлік осынау ел азаматтарының барына қуанамыз. 

        Осындай қолдаушыларымыз барда, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын

ұжымым  барда біз бағындыратын белестер әлі  көп деп ойлаймын.

Қызылұйым негізгі орта мектебінің  директоры:

                                            Ерубаева Ақбаян Қайырбекқызы

 

        

 

 

 

 

Жаңартылған күні: 02.12.2021 21:59
Құрылған күні: 02.12.2021 22:37

Текст