"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БІРЖАН САЛ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ ҚЫЗЫЛҰЙЫМ АУЫЛЫНЫҢ НЕГІЗІГІ ОРТА МЕТЕБІ" КММ
КГУ «ОСНОВНАЯ СРЕДНЯЯ ШКОЛА СЕЛА КЫЗЫЛУЮМ ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО РАЙОНУ БИРЖАН САЛ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қызылұйым негізгі мектебі 2019-2020 оқу жылындағы кәсәби бағдар беруге байланысты жүргізілген іс-шаралардың есебі.

Қызылұйым негізгі мектебі 2019-2020 оқу жылындағы кәсәби бағдар беруге байланысты жүргізілген іс-шаралардың есебі.

  Мамандық таңдау бұл адам өміріндегі маңызды, қиын және жауапты қадам.

Кәсіптік бағдар беру- қоғамның қажеттілігіне қарай әрбір оқушының қабілеттілігі мен бейімділігін ескере отырып, кәсіпке қызығушылығын қалыптастыруға және болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға көмектесу мақсатында атқарылатын жұмыс. Оқушыларға кәсіби бағдар беру және болашақ мамындығын анықтап алуға ықпал жасау-мектеп алдында тұрған міндеттердің бірі.

  Мектепте кәсіптік бағдар жұмыстары бекітілген жоспарына сай жүргізіледі.

Оны мекеме әкімшілігі, сынып жетекшілері, пән мұғалімдері және психолог жүзеге асырады. Жұмыс жоспары оқушылардың жас ерекшеліктерін, формалары мен әдістерін ескере отырып кезең-кезеңмен өткізіледі.

  Кәсіптік бағдар беру жұмысы 7-9 сыныптарда жүзеге асады. Қыркүйек айында 21 ғасырдың мамандықтары туралы түсіндірме жұмыстар жүргізілді. Қандай мамандыққа икемділгі бар екенін анықтау үшін «Қандай оқу бағытын таңдайсың?» тақырыбында саулнаманы мектеп психологы алды.

  Мектеп жасындағы жасөспірімдерге өзінің болашағын таңдауға келгенде көп ықпал ететін ата-ана, сондықтан «Оқушылардың мамандық таңдау» сұрағы бойынша ата-аналармен сынып жетекшілері жиналыс өткізді, жиналыс барысында саулнаманың нәтижелері сынып жетекшілер мен ата- аналарға таныстырылып кеңес берілді,оларға бинефильмдер көрсетті.

  Дәлізде «Мен мамандықты таңдаймын» стендін ақпараттық материалдармен  (брошурка, таратпа қағаз) толықтырып отырады.

  8 сыныпта «Менің ата- анамның қызықты кәсіптері» атты сынып сағатын  Солтанбекова Нүргүл өткізді.

«Біздің табысты түлектер» мектебімізден шыққан түлектермен кездесулер болды. Кездесуге Хожин Рахат Президенттік Ұлан әскери құрамында қызмет жасайды, Молдабаева Гүлден Көкшетау қаласындағы №6 мектепте ағылшын пәнінің мұғалімі қатысты.

 7 сыныпта «Кім болғым келеді?» тақырыбында Сейтжанова Айгүл суреттер сайысын өткізді. Оқушылар салған суреттерін қорғады.

  Жылда 9 сынып оқушылары  өзін-өзі басқару күні мұғалім рөлінде болуда мүмкіндік алады, бұл дәстүрлі іс-шара болып табылады.

  9 сынып оқушыларымен «Барлық жұмыстар жақсы, өз қалауыңды таңда» тақырыбында тәрбие сағатын ТІО Тайлакова Айжан өткізді. Сабақта оқушыларға слайдтар мен бинероликтер көрсетті. Оқушылардың смартфондарына «Моя профессия» деген мобильді қосымшаны жүктеп берді, сол арқылы тест сұрақтарына жауап бере алады  және барлық оқу орындары жайлы мағлұмат ала алады.

 

 

Мектеп диреторы:                         Ерубаева А.Қ

Жаңартылған күні: 06.05.2020 09:33
Құрылған күні: 06.05.2020 09:33

Текст