Текст
Жалпы адамзаттық құндылықтар күні
Қызылұйым негізгі мектебінде Жалпыадамзаттық құндылықтар күні атап өтілді. Іс-шара барысында шаттық шеңберлері,сынып сағаттары ұйымдастырылды. Жоғары сынып оқушылары арасында өзін-өзі тану мұғалімі Алпысбаева А.Ж. ұйымдастыруымен "Ата-анама мың алғыс " тақырыбында караоке әндер сайысы өтті.Әр оқушы өзінің отбасы,ата-анасы жайлы слайд әзірлеп,фотоколлаж көрсетті. Жоспарланған іс -шаралар өз деңгейінде өтіп,оқушылардың есінде ұзақ сақталатын болды.