Текст
Наурызда Қызылұйым
негізгі мектебінде «Ана-өмір шуағы» атты апталық өтті.Өзін-өзі тану мұғалімі
Алпысбаева А.Ж бір апта бойы оқушылармен ойындар өткізді, аналарға арнап
оқушылар өлең шумақтарын оқыды, шығарма жазды. Бұл апталық ішінде оқкушылар
мақал-мәтел жарыстарын өткізді. Бұған қоса бастауыш сынып мұғалімдері
Нұрмағанбетова Ж.Қ, Дүйсенбекова Г.Т. Естаева К.Қ өз сыныптарымен ашық сабақтар
өткізді. Ашық сабақтарға мұғалімдер мен ата-аналар да қатысты.Бұл мұғалімдердің
ашық сабақтары қызықты өтті. Аптаның соңғы қортынды күні орыс тілі пәнінің
мұғалімі Сәуле Мелісқызының ұйымдастыруымен концерт болды.
Бастауыш сынып
мұғалімі Естаева К.Қ