Текст
Рухани жаңғыру: «Салт дәстүрімізді ардақтайық».
Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында сынып жетекшілер бірлестігінің әзірлеуімен мектебімізде салт -дәстүрімізді дәріптейтін тәрбие сағаттары ұйымдастырылды. Барлығы төрт сынып сағаты өткізіліп, соның ішінде 6- сынып жетекшісі Алтынай Жұмағұлқызының өткізген «Салт дәстүрімізді ардақтайық» атты сабағы жоғары деңгейде өткізілді. Апасы, анасы,
қызынан тұратын 3 топ өзара сайысып,
жеңімпаз топтар анықталды. Сайыс соңында апалар мен аналар өздері дайындаған
ұлттық тамақтарынан дастархан жайып, ақ жаулықты, сексенге келген Шолпан әже
оқушыларға ақ батасын берді.