Текст
Қызылұйым ауылының негізгі орта мектебінің 4 сынып оқушыларымен "Қош бол,Бастауыш" атты шағын концерті өткізілді.Оқушылар төрт жыл бойы оқыған білімдерін,үйренген өнерлерін көрсетті.Ұстаз,мектеп,ана тақырыбында тақпақтар айтылып,әндер шырқалды.Ұстаздар өмірінен алынған көріністер қойды,әдемі биде биледі.Ата-аналармен қызықты ойындарда ұйымдастырылды.Тәрбие сағаты өте жақсы деңгейде өтті деп бағаланды.Келген қонақтарымыздың көңіл-күйлері көтеріліп,риза болып,ақ тілектерін айтып кетті.