Айғаным – өз
уақытының озық әйелі
Катаева
Салтанат Қайыркешқызы
Ақмола облысы
Еңбекшілдер
ауданы
Қызылұйым
негізгі мектебі
9-сынып оқушысы
жетекшісі
Ерубаева Ақбаян Қайырбеқызы
Айғаным Шоқан
үшін: «...халық
даналығының сарқылмас
бұлағы болған»
Ә.Марғұлан
Қазақ халқының ұлы перзенті, аса көрнекті ойшыл, ағартушы –
демократ Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың заңғар тұлғасы мен шығармашылық мұрасы әр қырынан сараланып, өз бағасын алып келеді.
Оның дүниетанымы, шығыстанушы, тарихшы, географ, этнограф, әдебиет, тіл мен
өнер жайлы мұралары кейінгі ұрпақ үшін таптырмас қазына десе артық болмас.
Шоқан Уәлихановтың туғанына 180 жыл
толуына орай республикамызда және одан тыс жерлерде де түрлі шаралар өткізіліп
жатыр.
Ғалым, ұлы тұлғаны әлемге паш еткен білімді, көзі ашық, көкірегі ояу
болуына жас кезінде тәрбие берген әжесі – Айғаным.Қазақ әдебиетінде өзіндік
орны бар тұлғалардың бірі –Шоқан деп тапсақ,оның рухын жетілдіруге бар ынтасын
берген де әжесі.
Айғаным әже парасатты, терең ойлы, әрі көреген өзінің
заманына қарай білімді болған адам. Ол
Шығыстың бірнеше тілдерін білген орыс
мәдениетіне аса ден қойған. Айғаным әже жергілікті халықтың арасында
өте беделді кісі болған. Сыртқы істер министрлігінің азиялық
департаментімен және Петербургтен Сібір комитетімен хат жазысып, үнемі
байланысып отырған. Кейбір маңызды оқиғалардың бірде – бірі ол кісісіз өтпеген
екен.Айғаным әже өмір бойы ел ішіндегі тыныштық жағдайдың бұзылмауын ойлаған.Ел
ішіндегі болыстар парақорлыққа
салынып,озбырлық жасап,халықты жәбірлейтін жағдайлар болған. Мұндай жағдайда ең
алдымен төрелігін жүргізіп реттеуге Айғаным әже кіріскен.
Айғаным әже қазақ халқы мен орыс халқының арасындағы достық қарым –
қатынастарды нығайту мақсатын көздеген. Орысша оқып білім алудың
маңызын терең түсініп, баласы Шыңғысты – Шоқанның әкесін Сібірге әскери
училищиге оқуға түсіреді. Омбының әскери
училищесіне немересі Шоқанды да орналастырған.
Орыс халқының алдындағы беделінің дәлелі
I Александр патшаның Айғанымға арналған усадьба құру туралы бұйрық
беруі, қомақты қаржы бөлуі.П.П.Семенов-Тянь-Шанский: «...Айғаным мен оның
балалары Россияға адал ниетін сақтап қалды.Уәли ханның осы жесіріне I Александр
аса бір ықылас білдірді.Сөйтіп қазақ даласында оған сәулетті үй салып беруге
әмір етті. Сол үйде Шоқан Уәлиханов туып еді» -деп жазған екен. Екі
халық арасындағы достық және
мәдени байланыстың тамаша ескерткіші –
Сырымбеттегі Айғаным әжеге арналған ақ орда болды. Айғаным әже Орта жүз жерінде қазақ пен орыс
халқы арасындағы достық қатынастың негізін мықтап қалаушы тарихи тұлға. Бұл
игілікті істі оның балалары
жалғастырды.Сонымен қатар ол кісі Солтүстік Қазақстан геодезиялық зерттеу
жұмыстарымен шұғылданып жүрген орыс ғалымдары мен инженерлеріне үлкен көмек
көрсетіп отырған.
Айғаным әженің жер өңдеу мәдениетінде, яғни егін егуді дамытуға сіңірген
еңбегі де зор.Бұл жайлы академик ғалым Әлкей Марғұлан өз жинағында көп жазып
қалдырған. Айғаным әженің қазақ халқын бір игілікті іске бастап, шұрайлы жерлерге
егін егіп, астық жинау үшін ат салысып, көп шаралар жасаған, жел диірмен де құрғызған. Көп қиындық әкелсе де Айғаным
әже Көкшетау өлкесінің көп жеріне егін
жайқалтып өсіртеді.
Айғаным әже мектеп ашуда да, қазақ балаларының білім алуларына да зор үлес
қосқан адам.Сырымбеттегі ордасында арнаулы
мектеп әрдайым сол кісінің басшылығымен
жұмыс істеген, сабақ оқытудың сапасына
көп көңіл бөлген. Өзі аса білімді, көзі ашық мұғалімдерді өте жақсы бағалаған.
Ордаға келген қандай орыс оқымыстылары
болса да қазақ халқының мәдениеті мен
тұрмысының аса жоғары
үлгісін көріп риза болып кететін
болған. Жігіттер мен қыздардың киімдерін,
ондағы оюларды, зергер мен бұйымдарды, киіз үй
жасауларын, ыдыс – аяқтарды көрген оқымыстылар этнографиялық мұражайға тап
болғандай сезінген.Мұндағы қызметшілер де әсем киінген екен.
Осының барлығы Айғаным
әженің халқымыздың мәдени мұрасын насихаттаушы екенін танытады.
Өнер мен
білімді, тәрбиені өте жоғары бағалаған жан болған.
Айғаным әже өмірі қоғамдық істерге толы, оның жемісті істері мен
үлгілі өмірі біздің халықтың
тарихынан айқын көрінеді.
Әжеміз
орыс,шағатай,парсы тілін жақсы білген
және керемет сөзге шешен д болған. Әкесі
Сарғалдақ ,арғы атасы Шұбар да атығай,өнерлі адамдар көп шыққан жер екен. Ел ішіндегі халық таңдаулылары
күміс көмей, жез таңдай әншілер мен топтан озған жүйрік шешен ақындарға өмір бойы қорған болған Айғаным әжей өзі де беделді ақын болған.Оның
үстіне,Шыңғыс ата мен Айғаным әженің шаңырағында ешқашан дастархан
жиылмаған,ойын-той көп болып,халық таңдаулылары жиі бас қосқан.Бұл шаңырақта
ақын-жыраулар,билер,сөзуар шешендер,әншілер,ғалымдар,алдыңғы қатарлы орыс
интеллигенциясының көрнекті өкілдері үнемі қонақ блған және жас Шоқанға ерекше
әсер еткен.
Айғаным әже Шоқан үшін нағыз даналықтың үлгісі болған. Әжесі оған халықтың
ежелгі аңыздарын, әңгімелерін айтып, өткен тарихи оқиғаларды еске түсірген.
Халықтың озық дәстүрлері мен
салтын бойына сіңірген әжесінің жарқын бейнесін Шоқан Уәлиханов өмірінің
аяғына дейін ұмытпай есінде сақтап өтсе, біздің алдағы мақсат – міндетіміз де
аяулы жар, ақылды данагөй, асыл әже атанған Айғаным әженің рухын асқақтатып,
ізгі жолын жалғастыру.
Айғаным әже – өз заманының озық жаны, өз ортасының данасы.Солтүстік
Қазақстан облысы,Сырымбет жерінде 1783 жылы дүниеге келіп,1853 жылы,яғни 70
жасында дүниеден өткен.Қазақ әдебиетінің көрнекті қаламгері Сәбит Мұқановтың
«Аққан жұлдыз» атты романынан Шоқан және оның әжесі жайлы көп деректер
оқып,біле аламыз.
Айғаным әжелердей жаңаға бет алған образдар қазақ әдебиетіндегі
салт-дәстүрмен,тәлім-тәрбиемен тығыз байланысты.Болашақ жас буындарды тәрбиелеуде
әжелердің тәрбиесі өте зор.Бесікке салу,шілдехана т.б. салт –дәстүрлерді өткізу
әжелерсіз мүмкін болмайды деп ойлаймын.Тәуелсіздігіміз тәу еткен мына заманда
ертеде аялы алақанымен бүкіл елінің болашағын бір бесікпен тербеген
әжелеріміздің орны әрине бөлек деп ойлаймын.
Менің алдағы
арман – тілегім -тәуелсіз Қазақстанымның әрбір қызы Айғаным әженің жолын қуып,
елімізге еңбегі сіңген, ақылды,
парасатты, беделді жан болғаны . Айғаным әженің және немересі Шоқан
Уәлиханов есімдері мәңгі біздің жадымызда.