Қызылұйым негізгі мектебі.
Оқушылардың өмірде
өздерін қалай ұстау керектігін, денсаулықтарына немқұрайлы қарамау керектігін
түсіндіру мақсатында дайындық тобымен «Мен білетін жалғыз сұлулық бар, ол
денсаулық» атты шағын әңгіме өткіздім. Бұл әңгіменің мақсаты адам өміріндегі
салауатты өмір салтының рөлі туралы ұғым қалыптастыра отырып, денсаулықты
нығайту қажеттілігін ұғындыру. Қазіргі кезде балалар теледидардың, комьпютердің алдында көп отырады. Соның
салдарынан оқушылардың көз көру қабілеттері нашарлап барады, ашушаң болып өсіп
келе жатыр. Сондықтан оқушыларға көбіне далада серуендеп көп жүру керектігін, спортпен
айналысу керектігін айтып өттім. Оқушылар өз кезегінде бос уақыттарында үй
шаруашылығына көмектесетіндерін, далаға шығып жүгіріп ойнайтындықтарын, шана, сырғанақ
тебетіндерін айтты.
Өткізген: бастауыш сынып мұғалімі Естаева К.Қ