"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БІРЖАН САЛ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ ҚЫЗЫЛҰЙЫМ АУЫЛЫНЫҢ НЕГІЗІГІ ОРТА МЕТЕБІ" КММ
КГУ «ОСНОВНАЯ СРЕДНЯЯ ШКОЛА СЕЛА КЫЗЫЛУЮМ ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО РАЙОНУ БИРЖАН САЛ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Тәрбие сағаты

18.04.2017

 

Тәрбие сағаты

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сынып

жетекшісі:     Сейтжанова  Айгүл Қандыққызы  

                                     

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тәрбие сағаты

  Тақырыбы: 

                      «Ұлдан – ұлағат,

                                     Қыздан – инабат»

 

Мақсаты:

Оқушыларды

адамгершілікке, әдептілікке, қарапайымдылыққа, кішіпейілділікке, әдептілікке,

жаман әдеттерден аулақ болуға, өз халқының салт-дәстүрін ұйрене отырып, әдеп

әліпесін дарыту.

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың көрнекілігі:

Өсиет сөздер, мақалдар,

адамгершілікке байланысты суреттер,  слайд.

 

 

 

 

 

Хор: «Өз елім менің»

 

Жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті қауым! Бүгінгі  топ оқушыларының ұйымдастырылуымен «Ұлдан – ұлағат, қыздан – инабат» атты

тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!

Отбасы – адам баласының діңгегі. Өйткені, адам ең алғаш

шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап осында ер жетіп, отбасының тәрбиесін

алады. Сондықтан да отбасы – адамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті алтын

мектебі.

 

Гүлден: Қазақ отбасында әуелі әке, содан кейін – шеше, бұлар –

жанұя мектебінің ұстаздары болады. Әке мен шешенің баласына қоятын ең бірінші

басты талап-тілектері – баланың «әдепті бала» болып өсуі. Сондықтан қазақ

жанұясы әрдайым: «Әдепті бол, тәрбиесіздік етпе, көргенсіз болма» деген сияқты

сөздерді балаларының құлағына құйып өсірген. Қазақ отбасында өз баласын

мейірімділікке, имандылыққа баулып өсірген. Үнемі жанұясында осылай тәрбие

көрген бала ақырында, өздігінен тілалғыш, адал, тиянақты, ұқыпты болып шыға

келеді.

 

Райымбек: Ерлі-зайыптылар балалар көзінше бір-біріне қатты, балағат

сөздер айтыспақ түгіл, дауыс көтеріп, керісуге тиіс емес. Олай еткенде, өз

беделдерін жоғалтудың, бала-шағаның жүрегін шошытып, зәресін ұшырудың үстіне,

олардың жанына кейін үй болғанда, алдарынан шығатын жаман әдеттің ұрығын егеді.

Бұл жағынан аналардың балаларға: «Әкеңмен ақылдас», «Әкең біледі», «Әкеңнің

айтқанын істе» т.б. сияқты дәстүрімізде бар сөздерді айтып отыруы қандай

ғанибет! Атақты «Абай» эпопеясында халқымыздың осыған орайлас қадірлі дәстүрін

танытатын мынадай бір тағылымды эпизод бар. «...Семей қаласында үш жыл оқып,

жайлаудағы әке үйіне күн кешкіре жеткен, 13 жасар шәкірт бала – Абай аттан

түскен бетте, амандасу үшін шешеге қарай жүреді. Сонда ақылды да байсалды ана

Ұлжан: «Әй, балам, анда әкеңдер тұр, әкеңе барып сәлем бер!» - дейді. Бір сәтке

балалық сезім жеңіп, қателік жіберіп алғанын түсінген жас Абай кілт бұрылып,

ортасында әкесі  Құнанбай бір шеткерірек

оқшау тұрған топқақарай адымдай жөнеледі.» 

Ұлы жазушы  М.Әуезов мұны халықтың

жүрекке жылы осындай тамаша дәстүрінен хабардар ету үшін ғана емес, оның

тәрбиелік зор маңызын жоғары бағалағандықтан да келтіріп отырғаны анық.

 

Жүргізуші: Отбасының ұйытқысы, берекесі, мейір-шапағат көзі - әйел.

Әйелдің бұл рөлі отағасының жамағатына, бала-шағаның анаға деген сүйіспеншілігімен,

қамқорлығымен, ана жанын қас қабағынан, жанарынан танығыштықпен нығая, биіктей

береді. Келесі кезекті Жүсіпов Әділ орындауындағы әсем әнге береміз.

 

Ән: «Анашым» 

 

Мақпал: Ана туралы балада.

 

Жүргізуші: М.Шахановтың «Төрт

ана» өлеңінде айтылғандай, әр адамның өз анасынан басқа төрт анасы болу керек

екен: туған жері, туған тілі, салт-дәстүрі және тарихы. Осы төрт асылды

қастерлеп, сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу – біздің борышымыз.

 

Айзат: М.Шаханов «Төрт

ана»

Тағдырыңды тамырсыздың індетінен қалқама,

Әр адамда өз анасынан басқа да

Жебеп тұрар, демеп тұрар арқада

Болу керек құдіретті төрт ана.

Туған жері – түп қазығы, айбыны,

Туған тілі – сатылмайтын байлығы,

Туған дәстүр, салт-санасы – тірегі,

Қадамына шуақ шашар үнемі.

Және де туған тарихы, еске алуға қаншама,

Ауыр, әрі қасіретті болса да,

Төрт анаға жағдай жасай алмаған

Пенделердің басы қайда қалмаған?

Төрт анасын қорғамаған халықтың,

Ешқашанда бақ жұлдызы жанбаған.

Қасиетті бұл төрт ана –

Тағдырыңның тынысы.

Төрт ана үшін болған күрес – күресудің ұлысы.

 

Айдана: М.Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясы: әйелдер

галереясынан: Зере, Ұлжан,  Айғыз, Ділда,

Тоғжан, Әйгерім, Салтанат, Керімбалалар,

көненің көздері – Бөжей, Байсал, Құнанбай, Жақып, Абай тұстарынан: Жиренше,

Ербол, Базаралы, Абылғазы, Тәкежан, Оспан, Көкбайлар ас пен тойда, құдалық мен

руаралық қақтығыста, жаулықта, жер мен жесір дауылда, жан жадыратар жайлаулары

мен аязды, боранды, қыс-қыстауларында, аңшылық-саятшылықтарында бірге болып,

бірге тыныстады: күйінсе – күйінді, сүйінсе – сүйінді, ауыр-жеңілін бірге

көтерісті. Ұлы жазушының бұл роман-эпопеясынан отбасы жайлы, ондағы адамдардың

қарым-қатынасы жөнінде көптеген мағлұматтар алуға болады.

 

Жүргізуші: Әке - әулет басшысы, отбасы, отбасы мүшелерінің тірегі,

асырап сақтаушысы, қамқоршысы. Отбасындағы ұлт тәрбиесінде әке мен апалардың

орны ерекше. Әке үйі барлық балалары үшін үлкен үй, қара шаңырақ деген киелі

ұғымдармен сыйлы да құрметті.

 

Жансая:  Қара

шаңырақ, үлкен үй деп атайтын әкенің үйіне болашақта кенже ұл ие болып,

қарттарды бағып-қағатын, көне салт бүгінгі қазақ отбасыларында да сақталған. Ал

үлкендері үйленіп үй болысымен еншілерін алып, бөлек шыққан. Жасы кіші болса да

кенже иеленген үлкен үй басқа жасы үлкен туыстары үшін де қадірлі, қасиетті үй

ретінде саналған.

 

Абдрахман                                 :

Әкем менің әрқашан,

Кішіпйіл бол дейді.

Ақыл сөзі санамда

Матанбауды жөн көрем.

Әкем менің әрқашан

Бол дейді бауырмал.

Мынау байтақ ғаламда,

Қаншама дос бауыр бар.

Әкем менің әрқашан бол дейді тілалғыш.

Үлкендерден содан да

Алып жүрем көп алғыс.

Әкем менің әрқашан

Мейірімді бол дейді.

Жасы үлкенге жол берем.

Әкем менің әрқашан

Ынтымақшыл бол дейді.

 

Жүргізуші: «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» деп

келесі  «Әке мен бала» атты көрінісімізді

тамашалаңыздар.

 

Көрініс: «Әке мен бала»

 

Жүргізуші: Қатты тәртіп көрсе бала күнінде,

Өнерімен қуантады түбінде.

Бала нені білсе жастан, ұядан –

Өле-өлгенше соны таныр қиядан.

Өнер-білім берем десең басынан,

Бер оқуға балаларды жасынан.

Ата-анадан өсіп ұрпақ тараған,

Жақсы-жаман болса, бала – соларда.

 

Ерхат:  Әкенің

міңез-құлқы, өзгелермен қарым-қатынасы, өнер білімі ұл баланың көз алдындағы

үлгі-өнеге алатын, соған қарап өсетін нысанасы. Қазақта біреудің баласы жақсы,

өнегелі азамат болса: «Оның әкесі немесе атасы жақсы кісі еді, көрегенді бала

екен, өнегелі жерден шыққан ғой» - деп мадақтайды.

 

Айзат: «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» дегендей,

отбасында ұлдар әкелері немесе аталарының бойындағы қасиет пен өнерін үйреніп

өскен. Шығармашылықта, ақындықта танылған жас баланың тәрбиесіне аса назар

аударылған. Ата өнерін ұрпағының қууы, оны мирас етуі қазақ отбасыларында жиі

кездесетін дәстүр. Билік, батырлық, әншілік, серілік, мергендік, аңшылық,

зергерлік сияқты ата-баба өнерін жеті атасына дейін жалғастырған әулеттер қазір

де баршылық.

 

Еламан: «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» дейтін қазақ

қыз балаларының тәрбиесіне аса үлкен назар аударды. Кәмелетке толғанға дейін

бойжеткен болашақ отбасы өмірінің басты міндеттерінен сабюақ алады. Ол ерінің

аджал жары, ана болу, отбасы беріктігін сақтаушы қызметіне, шаруашылықтың барлық

жақтарын игеріп жүргізуге, қонақты лайықты қарсы алуға, туыстарын сыйлап

қадірлеуге дайындық тәрбиесі. Көргенді отбасылары қыз баланы «қонақ» деп

мәпелеп, қадірлеп өсірген. Қыз баланың тәрбиесіне ең бірінші анасы жауапты

болған. Сондықтан қазақ «шешесіне қарап қызын ал» - деген.

 

Әділ: Ата-аналар балаларының жеке ерекшеліктерін жас күннен

танып, соған қарай бағыт-бағдар, тәрбие берудің маңызы ерекше. Ата-ана

балаларына жақсы тәрбие беруде қоғам алдында жауапты. Сыйластық, түсіністік,

үлкен жауапкершілік сезімдері бар отбасы – бақытты отбасы. Бақытты отбасында

ғана ата-ана және олардың балаларының өзара қатынасы мазмұнды, берілген тәрбие

сезімі және негізді.

 

Жүргізуші:

Көп жасаған қария,                        Ата салты – ардақты,

Ақылы теңіз дария.                        Әрбір сөзі – салмақты.

Көп өнеге сөзі бар                          Сол сөздерді ұқпасаң,

Сөзі – соқпақ, өзі нәр.                   Тістерсің бір күн бармақты.

Көрініс «Бабалар сөзі – тәрбие көзі» сауалнама-әңгіме міз

қарт ата мен жас жігіт арасындағы болған әңгіме түрінде өтеді. Яғни, қарияның

жігітке қойған сауалына жігіттің жауап беруі және қарияның ол пікірді

толықтырып өз ойын айтып беруін көрсетеміз.

 

Көрініс: «Бабалар сөзі –

тәрбие көзі»

 

 - Арман деген не? – депті

қария.

Бала - Ата арман дегеніміз ақыл-ойдың шындығы. Құс -ұшсам

дейді, бала - өссем дейді, қыз – көрікті болсам дейді, жігіт – бақытты болсам

дейді, қарт – жүзге жетсем дейді, ұстаз – шәкіртіне үлгі болсам дейді.

Арманына

адаспаған жетеді, адасқан арманына жете алмайды.

Арманына

ақылды жетеді, ақымақ бұл өмірден түңіліп өтеді, - депті қарт.

- Бақытты

болу оңай ма? – депті қарт.

Бала - Ата, жары жақсы болса, бақыты жанында – депті жігіт.

- Жоқ балам,

ақыл басында болса, бақыт жанында болады. Ақыл адамды азаптан да, мазақтан да

құтқарады. Өмірде шын бақытты боламын десең, ақылдылықты үйрен, не ақылды қызға

үйлен.

- Дос табу

оңай ма? – депті қарт.

Бала - - Ата, дос табу ақылдыға оңай, ақымаққа қиын.

- Жоқ балам,

өмірде дос табу ақылдыға қиын, ақымаққа оңай. Ақылдының досы аз, қасы көп,

ақымақтың досы көп болғанымен жақсылығы жоқ. Жақсылығы жоқ достың қастығы аяқ

астында жатады. Есіңде болсын, досың ақылды болса, өзің дана боласың, досың

бала болса, өзің шала боласың, - депті қарт.

 - Өмірде не жетім? – депті қарт.

Бала - - Ата-анасы жоқ бала жетім – депті жігіт.

- Дұрыс

балам. Өмірде ата-анасы жоқ болса бала тірі жетім. Өмірде тоғыз жетім

бар. Халқына сенімсіз болса – хан жетім. Ханы ақылсыз болса – халқы жетім,

кеңесшісі ақылсыз болса - әкім жетім, суы жоқ - құдық жетім, ұлы жоқ - әке

жетім, қызы жетесіз болса - ана жетім, досы жоқ -жігіт жетім, шәкіртсіз – ұстаз

жетім.

Өмірде жетім

болсаң есірме. Ақылды жетім кеңесуге құмар; Ақылсыз жетім егесуге құмар.

Егескен ел болмайды.

 - Үйде кім, елде кім қадірлі?

Бала - - Ата, үйде ана, елде бастық қадірлі – депті жігіт.

- Жоқ балам,

үйде қонақ, қарт, бала қадірлі. Елде хан, әкім, ұстаз қадірлі. Қонақты

қадірлеуді бәрі біледі. Бала үйдің патшасы, балалы үй базар, баласыз үй қу

мазар, - депті қарт.

- Жоқты бар,

ашты тоқ ететін кім?

Бала - - Ата, жоқты бар, ашты тоқ ететін мейірімді әке, -

депті жігіт.

- Жоқ балам,

әке қанша мейірімді болса да, ананың жөні бөлек. Жоқты бар, ашты тоқ ететін ол

– ана. Анасыз бала ұйықтамайды, қатықсыз айран ұйымайды.

Ана – үйдегі

бақ, әке отыратын - тақ. Ана ақылды болса үйдің қуанышы, әкенің жұбанышы –

депті қарт.

-Елді кім,

үйді кім бүлдіреді? – депті қарт.

Бала - - Ата, елді өсекші бүлдіреді, үйді ақылсыз бала

бүлдіреді.

- Есіңде

болсын, ақылсыз басшы елді бүлдіреді, ақылсыз әйел үйді бүлдірер.

Әкім –

ақылсыз болса – ел тозады, өсек әкімді өсірмейді. Өсекті тыңдау - әкімге

жараспайды, өсиетті тыңдау тақтағы ханға жараспайды, - депті қария.

Үйдегі алтын

қазық кім? – депті қарт.

Бала - - Ата, үйдегі алтын қазық бала, - депті жігіт.

- Жоқ балам,

үйдегі алтын қазық – ана. Ана ақылды болса, бала дана болады. Ана тәрбиесі

қызға үлгі, әке тәрбиесі ұлға үлгі. Ана ақылшың, әке қамқоршың, ағаң қорғаушың,

інің сүйенішің, қарындасың қанатың екенін ұмытпа. Ананы сыйламағанның ақылы

кем, әкені сыйламағанның жақыны кем. Ананың мейірімі көзінде, ықыласы

көңілінде, ақылы сөзінде, - депті қарт.

- Өмір сүру

үшін не қажет? – депті қарт.

Бала - - Ата, өмір сүру үшін алтын, ақша, нан, мал қажет, -

депті.

- Жоқ балам,

адамның өмір сүруі үшін су, от, тұз, қыз, ақыл қажет. Су тіршіліктің нәрін

береді, от өмірдің сәнін береді, тұз астың дәмін келтіреді, қыз көңілдің сәнін

келтіреді, ақыл өмірдің мәнін береді. Адам ақылмен ағайынды табады, ақылсыз

адам ағайыннан безеді, - депті қарт.

- Шындықты не

бұзады? – депті қарт.

Бала - - Ата, шындықты тіл бұзады, - депті жігіт.

- Дұрыс,

балам, шындықты тіл бұзса, өкініші көбейеді, не өсек көбейеді. Шындықты білу

қиын, айтылған сөзді тоқтату қиын. Адал адам шындықты білсе, өсек қылады. Өсек

ерді бұзады. Өсекті көп айтқан шындықты білмейді, шындықты білген өсекшіге ере

бермейді. Өмірде шындықты өсек бұзады, - депті қарт.

- Адамға ақыл

беретін кімдер? – депті қарт.

Бала - - Ата, ана тілі ғой ақыл беретін, - депті жігіт.

- Жоқ балам,

ана тілі ойды өсіреді. Адамға ақыл беретін ата-ана, ұстаз, досы екенін ұмытпа.

Ата-ана ақылын баласы мен қызына айтады, ұстаз шәкіртіне айтады. Жақсы ақыл

адамды тез есейтеді. Адамға ақыл беретін адал дос. Адал дос ақылшың, ақылшы дос

– жақының. Досы көптің табысы көп, табысы көптің жақыны көп. Достықтың көзі

ақылдан басталады, - депті қарт.

- Адамның

ақылы қайда? – депті қарт.

Бала - - Адамның ақылы тілінде, ата, - депті жігіт.

- Жоқ балам,

тіл ақылдың айнасы, ақыл істің пайдасы. Есіңде болсын, ханның ақылы тағында,

әкімнің ақылы жанында, ғалымның ақылы басында, ананың ақылы жасында, жігіттің

ақылы жақсылығында, ақымақтың ақылы кім көрінгеннің қалтасында, - депті қарт.

- Достықты

нығайтатын не? – депті қарт.

Бала - - Ата достық пен жолдастықты ынтымақ, бірлік, теңдік,

туыстық, бауырмалдық нығайтады.

- Дұрыс,

балам, сенің айтқаның достық пен жолдастықты дамытады. Есіңде болсын, шын

достың ақылдыға тән екенін ұмытпа. Өмірде дос болуды ойласаң “Сәлеметсіз бе,

кешіріңіз, рахмет, сау болыңыз, сәлем айтыңыз, рұхсат па” дегенді үйрен.

Сәлемдесуді білген кешіре де біледі, кешіре білген рахмет те айта біледі. Жөн

сөз көңіліңді өсіреді, жөнсіз сөз өміріңді өшіреді – депті қарт.

 

Жүргізуші: Ұлттық тәрбие отбасынан бастау алатын болғандықтан

инабаттылық, мейірімділік, ана сүтімен, ана тілімен орныға бастайтыны аян. Сол

себепті халық даналығы: «Сүтпен біткен міңез, сүйекпен кетеді» деу заңды.

Ата-юаюаларымыз бала тәрбиесіне ата-ана ғана емес, ауыл болып көңіл бөлген.

Мысалы, үлкенкісіге сәлем бермегеннің өзі сыйламаушылыққа жататын, оны оны

байқап қалушылар тентегін тезге салып отыратын. Жалпы салт-дәстүр – халқымыздың

келбеті, рухани мәдениетінің қазығы.

 

Гүлден: Аталар мен аналар ауыл-аймақ, ағайын арасының берекесі,

ақылшысы болып келеді. Олардың әрқашанда мәртебесі биік болып, сый-құрметке

бөленген. Өйткені, үлкенді сыйлауды қадір тұтқан қазақ салты бойынша көргені

мен тұрмыста түйгені көп, тәжірибесі мол адамның сыйға бөленуі заңды құбылыс

деп танылған. Үлкенді сыйлау, ақылын тыңдау көрегенділік деп есептеледі.

Сондықтан да үлкендерді сыйлау керек.

 

Жүргізуші: «ХХ ғасырдағы жастар және ХХІ ғасырдағы жастар»

көріңіздер, салыстырыңыздар, нәтиже шығарыңыздар.

 

Көрініс: «ХХ-ХХІ ғасыр

жастары»

 

Жүргіәзуші:  Құрметті

көрермен, көпке топырақ шашудан аулақпын. Дегенмен арамызда батысқа

еліктеушілік, өз тілін бұрмалап сөйлеу, ашық-тесік киіп, үлкенге ізет, кішіге

құрмет көрсетуді жөн санамай қалай болса, солай жүретін жастарымыз кездеседі.

Сондықтан да қыз бен жігіттің арасындағы ізеттілігімізді, парасаттылығымызды,

мәдениеттілігімізді, кішіпейілділігімізді, адамгершілігімізді жоғалтып алмай,

ұлдан – ұлағат, қыздан - 

инабаттылығымызды ұстай білейік.

 

Айзат: Абайдың жетінші қара сөзінде бала туралы, ақыл үйрену мен

насихат тыңдау мәселелері сөз болады. «Жас бала анадан туғанда екі түрлі

міңезбен туады; біреуі ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады. Бұлар тәннің

құмары... біреу білсем...көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық

көрмейді. Мұның бәрі жан құмары, білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен

деген». Осы Абай айтқан екі міңезден автордың өзіне екіншісі ұнап тұрғанын,

жүрегіне жақын қонымдысы да сол екенінде дау жоқ. Абай осы екінші міңезділерді

тыңдайды, оларды ұнатады.

 

        

Хор: Армандастар

 

          

 

Жүргізуші: Құрметті, ұстаздар, оқушылар! Жақын арада Жеңістің 65

жылдығына орай бүкіл Қазақстан жерінде үлкен мерейлі мерекені Жеңіс күнін

тойламақшымыз. Бар қазақстандықтар дайындық үстінде. Ер есімі ел ішінде ешқашан

да ұмтылмас! Сіздерді осы мерейлі мерекемен құттықтай отырып, бәрімізге тыныш,

бейбіт өмір тілейміз! «Отан оттан да ыстық» деп халқымыз айтқандай отан үшін

отқа да түсуден тайынбайық!

 

(Апайларға сөз)

 

  Осымен топ

оқушыларының дайындаған «Ұлдан – ұлағат,

қыздан – инабат» атты ашық тәрбие сағаты осымен аяқталды, келіп

көргендеріңізге рахмет!

Просмотров: 408


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст