"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БІРЖАН САЛ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ ҚЫЗЫЛҰЙЫМ АУЫЛЫНЫҢ НЕГІЗІГІ ОРТА МЕТЕБІ" КММ
КГУ «ОСНОВНАЯ СРЕДНЯЯ ШКОЛА СЕЛА КЫЗЫЛУЮМ ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО РАЙОНУ БИРЖАН САЛ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Интернетке иә мен жоқ» сабағы

20.04.2017

Қызылұйым негізгі мектебі

       Мектебіміздің 5 - 9 сынып оқушыларының

арасында «интернетке иә мен жоқ» сабағын өткіздім.Сабақ  дебат түрінде өтті.Бұл сабақтың мақсаты бүкіләлемдік

өрмек – интернетке байланысты оқушылардың білімін нығайту,интернет туралы ой

қалыптастыру, шығармашылыққа баулу. Оқушылар екі топқа бөлініп,спикерлерін

тағайындады. Бірінші топ интернетті жақтаушылар ,ал екінші топ интернетті

қолдамаушылар болып,өз ойларын ортаға салды. Екі жақтың пікірін

тыңдап,сараптама жасау үшін әділқазылар сайланды.Оқушылар қазіргі кезде

интернеттің әр түрлі ақпарат алу үшін,шет жақта оқып жатқан туыстарымен

байланысып отыру үшін керектігін айтты.Сонымен қатар оқушылар интернеттің зияны

да бар екендігін айтып өтті,мысалы балалардың көп уақыт ғаламторда отыруы,әр

түрлі сайттарға кіруі және т.б . Дебат қызықты өтті,екі топ бір-біріне сұрақтар

қойып,оған тиянақты жауаптар алды.

                                                 Өткізген:мектеп психологы Естаев Т.Т

Просмотров: 473


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст