Аубакирова З.Р, математика
пәнінің мұғалімі
Қызылұйюм негізгі мектебі
Сыныбы |
6 кл | ||
Сабақтың тақырыбы |
Таңбалары әр түрлі рационал сандарды қосу | ||
Мақсаты |
Таңбалары әр түрлі рационал сандарды қосуды пысықтау. | ||
Күтілетін нәтижелері |
А.Таңбалары әртүрлі бүтін сандарға амалдар қолданады; В.Есептер шығара отырып, жауаптарын тұжырымдайды; С.Есептерді шығаруда түрлендіріп, дәлелдей біледі. | ||
Сабақ барысы | |||
Сабақ кезеңдері |
Мұғалім әрекеті |
Оқушы әрекеті | |
Кіріспе |
· Амандасу; · Ұйымдастыру; Топқа бөлу Сергіту сәті.(физкультминутка)
Үй тапсырмасы: «Серпілген сауал»
|
· Амандасу; · Сынып тазалығын қадағалау; Оқушылар түстерге сәйкес топтарға бөлінеді. Сергіту сәті арқылы сабаққа кіріседі. Оқушылар топқа бөлінеді; Оқушылар ортаға шеңбер құрып допты бір-біріне лақтыру арқылы сұрақтар қойып, жауап береді. Бұл кезде «жоғары және төмен дәрежелі сұрақтар» қойылып отырады. | |
Тұсаукесер |
«Ой қозғау»
-логикалық есеп шешу; Ынталандыру мақсатында қолдау көрсету «Қолпаштау» |
Оқушылар алдын –ала өздері дайындап әкелген логикалық есептерін тиісті топтарға қойып, жауап алады. Оқушылар бір-бірлерінің жауаптарын тыңдап, қолпаштап, қолдау көрсетеді. | |
Негізгі бөлім |
- «топтық әңгіме»: 1. Пропорция және пропорцияның негізгі қасиеттері? (Мысалдар, анықтамалар, қасиеттері) 2. Шеңбер және оның ұзындығын табу формуласы, дөңгелек және оның ауданы? (Мысалдар, анықтамалар, қасиеттері) 3. Оң және теріс сандар, қарама-қарсы сандар? (Мысалдар, анықтамалар, қасиеттері) 4. Рационал санның модулі және оларды салыстыру? (Мысалдар, анықтамалар, қасиеттері) 5. Таңбалары бірей және әртүрлі сандарды қосу? (Мысалдар, анықтамалар, қасиеттері)
Жауап беру кезінде «Мадақтау сэндвичі» әдісі арқылы формативті бағалайды.
- «бірге ойлаймыз, сөйлейміз, есептейміз»: №1. Ондық бөлшекті қосу: 1. 2.8+1.3 2. -6.7+(-2.5) 3. -9+(-14.66)+(-7.3) 4. 0.3+5.92+2.35 Көмек: 1. 5-сыныптағы ондық бөлшектерді қосуды еске түсір; 2. Оқулықтағы 99-беттегі анықтаманы оқып, мысалды қарастыр; 3. Көршіңнен көмек сұра. №2. Қосуды орында. 1) 18+(-9) ; 2) -15,6+9,1 ; 3) 32,7+(-55,4); 4) -74,61+100. Көмек: 1. Есептің берілгеніне, таңбасына мұқият көңіл бөл; 2. Оқулықтағы 105-беттегі анықтаманы оқып, мысалды қарастыр; 3. Көршіңнен көмек сұра.
№3. Жай бөлшекті қосу: 1.
2.
3. -4
4.
№4. Дұрыс теңсіздіктерді теріп жаз: 1) -8.2>-2; 2) 5<4 ; 3) -2.7<1; 4) 14>
. №5. Теңдеуді шешіңдер: 1. х+(-5)=2 2. 8+y=-3,9 3. -2,25+x=7,3 4. 36,6+x=-23,83 №6. Өрнектеі ықшамда: 1. 2,3a+(-3,56a)+7,8a 2. -69,7c+34,83c+(-26,18c) 3. -14
4. 5,36d+(-9,13d)+(-5,46d) Есептер шығару барысында оқушылар түсініктерін «Бағдаршам» әдісі арқылы формативті бағалайды. |
Берілген сұрақтар бойынша оқушылар 1 мин ішінде әр топтағы сұрақтарға жауап беріп, ортаға әр топ бір негізгі жауапты қорытынды жасап, ұсынады.
Оқушылар осы тақырыпты пысықтап, «Мадақтау сэндвичі» әдісі арқылы формативті бағалайды. 1 бөлік – позитивті комментарий, не ұнады; 2 бөлік – сындарлы сын, не нәрсені жақсарту керек;3 бөлік – келешекке арналған комментарий: маған ұнады, бірақ келесі жолы …
Оқушылар жеке орындарынан және тақтада есептер шығарады;
Түсінгенін білу үшін қолданылады: • Қызыл түс – түсінген жоқпын; • Сары түс – әлі де практика қажет/сұрақтар бар; • Жасыл түс – барлығы түсінікті.
| |
Қорытынды
Сабақ соңындағы рефлексия
|
«Бас бармақ» әдісі арқылы сабақты қорытындылау.
«Блоб ағашы» әдісі
|
«Бас бармақ» әдісі арқылы тақырыпты қорытындылау. Басбармақ жоғарыға қарай = Мен түсінемін. Басбармақ көлденең = Мен түсінгендеймін. Басбармақ төмен қарай = Мен түсінбедім. Оқушылар сабақта алған білім деңгейлеріне қарай өздерін сурет ішінен тауып бояйды. Неге сондай деңгейде тұрғанын түсіндіріп кетеді. | |
Үйге тапсырма |
Дид.материал,жұмыс дәптерінен |
Тапсырманы күнделікке жазып, келесі сабаққа орындап келеді | |