Тұңғыш Президент
күніне арналған ашық тәрбие
сағаты.
Тақырыбы: «Әлемге!Ғарышқа!Болашаққа жол ашқан
Тұңғыш!»
Мақсаты:1.Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаевтың өмір жолы, жүргізген саясаты туралы мағлұмат беріледі.
2.Оқушылардың ойларын еркін айту, өзгенің
пікірін тыңдай білу дағдыларының қалыптасуына мүмкіндік жасау.
3. Оқушы жүрегінде елбасына деген сүйіспеншілік сезімін
ояту, Отанын сүюге, ержүректілікке, патриоттық сезімге тәрбиелеу..
Көрнекілігі:
слайд , кітаптар,суреттер.
Өту барысы:
Әнұран орындалады.
Мұғалім:
- Қайырлы күн оқушылар!
Бүгінгі Тұңғыш Президент күніне арналған «Әлемге!Ғарышқа!Болашаққа
жол ашқан Тұңғыш!» атты мерекемізге қош келдіңіздер.
Жансұлу: -Армысыздар құрметті
ұстаздар, оқушылар!
Мұғалім
: Жансұлу Қазақстан
Республикасы осындай дәрежеге жетіп , көк туымыздың астында бейбіт татулықта өмір сүріп жатқанымыз кімнің
арқасында?
Жансұлу: Қазақстанның атын сонау
шет мемлекеттер танып, астанамыз көркейіп жатқаны Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың
арқасы.
Мұғалім:
-Мемлекетіміз тәуелсіз ел боп жарияланғалы бері экономикасы да, білім беру
саласы да, медицина саласы да, шет елдермен байланысы да нығайып, даму үстінде.
Барлығы, елбасымыздың сындарлы саясатының негізінде емес пе?
Жансұлу: - 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан тәуелсіз республика болып
жарияланды. Ал 1991 жылы 1 желтоқсанда Қазақстанның елбасшысы - Президенттің
сайлауы болды. Тұңғыш Президент болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.
Ел басқарған Нұрсұлтандай ағам бар,
Көк
алқапты жасыл жайлау далам бар.
Ел
бірлігін, ел тірлігін тілеген,
Ақ
ниетті халық деген данам бар
6-сынып оқушысы
Жанатаева Альмира:
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өмірбаяны.
Нұрсұлтан
Әбішұлы Назарбаев 6-шілде 1940 жылы Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған
ауылында туған.Балалық шағы кейде айта беретініміздей таршылық жағдайда
өтті.Үлкендердің мал бағуына,бау-бақша өсіруне көмек көрсету керек болды,шөпшек
теріп,отын жарды.Өзі еске алғандай,өсірген аз-маз өнімдерін сатып,үй-ішіне
қажетті заттар алу үшін есек жеккен арбамен жақын маңдағы теміржол стансасына
бару дегенің керемет мереке саналған.Мектепті жақсы оқып,жақсы білім
алды.Ата-анасын қатты құрмет тұтты. Ол ерте есейді,орта мектепті бітіре
салысымен Кеңес Одағындағы аса ірі Қарағанды металлургия комбинатының көлемді
құрылысына аттаннды.Құрылыста біраз еңбек еткеннен кейін бір топ
қазақстандықтармен Украинаның Днепродзержинск қаласына барып металлург –жұмысшы
мамандығын меңгерді.Бұл шойын құюшы,домна пешінің көмекшісі жұмыстарын
атқарды,ал кейінірек инженер дәрежесіне көтерілді.Сол жылдары оның басшылық
қасиеттері жарқырап көрінді.Қалалық,облыстық және республикалық көлемде басшы
органдарда жауапты қызметтер атқарды.Металлургиялық комбинатында партком
хатшысы,Теміртау қалалық,Қарағанды облыстық және республикалықпартия
ұйымдарында экономикалық салаға жауап беретін хатшы болды.
Ол Қазақстан Үкіметін басқарғанда 44 жаста болды.Осылайша оның саяси өмірбаяны
басталады.
Тарих пәнінің мұғалімі Нұржасаров Қ.Ш:
-
Елбасымыз туралы слайдқа назар аударыңыздар.
5- сынып оқушысы Қадырбеков Әзімханның шығармасы:
- Біз отбасымызбен күнделікті теледидар
көруді әдетке айналдырғанбыз. Телеэкраннан Н.Ә.Назарбаевтың бейнесі көрінгеннен
– ақ әжемнің жаңылмай қайталайтын бір тілегі бар: «Алла тағала, осындай ұл
берген саған рахмет. Тек ел шеті бұзылмасын», - деуден жаңылмайды. Бұрынырақ
әжемнің бұл сөзіне мән бермейтінмін, енді тарих пәнінен тереңдей оқыған сайын,
әжемнің сөзінде көп мағына жатқанын түсініп келемін. Расында да көп ұлтты
республиканың тынышын кетірмей ұстау, ондағы әр ұлттың өкілдерінің тілін табу,
көрші мемлекеттермен тату-тәтті қатынас орнату үлкен жүректі, асқан ақылды,
парасатты адамның ғана қолынан келетіні сөзсіз. Олай болса, Нұрсұлтан Әбішұлы әрбір қазақстандық үшін ұлы
тұлға. Қазір мен де әжеммен бірге Алладан Нұрсұлтан Әбіш ұлына денсаулық
тілеймін.
8-сынып оқушылары «Көк тудың желбірегені»
әнін орындады.
Мұғалім: Құрметті оқушылар, ұстаздар бүгінгі
тұңғыш Президент күніне арналған салтанатты мерекеміз аяқталды. Тыңдағандарыңызға көп рахмет.