Қызылұйым негізгі мектебінің
бастауыш сынып мұғалімдерінің жартыжылдық қорытынды есебі.
Осы оқу
жылында бастауыш сыныпта 11+2 оқушы . Оның 4-ы үздік, 4-оқушы екпінді.
Бастауыш сынытар ІІ ауысымда
оқиды.
Бастауыш
сыныпта 3 мұғалім жұмыс жасайды, оның 1-і жоғары білімді,
2-і
орта аранаулы білімді бастауыш сынып бойынша білім сапасы 75%
1– сынып бір
сыныпта оқыса 2,3 – сыныптар бөлек сыныптарда оқиды.
Мектепте бір сынып бастауыш
сыныптар үшін жабдықталған,
онда оқуға арналған көрнекіліктер, бүктемелер қойылған.
Бастауыш сыныптардағы 1,2 – сыныпьар жаңартылған білім бағдарламасы бойынша оқып
жатырмыз.
Негізгі мақсатымыз-оқушыға ізденуге,ой лауға және өз пікірін қалыптастыруға
мүмкүіндік беру. Баланы тұлға ретінде құрметтеу
Міндетіміз- сыныпта ашық қарым-қатынастарды қамтамасыз
ету, бірлесіп білім алуға жол ашу.
Өз бетімен білім алуға көмектесетін кестені қолдану, яғни
қызығушылықты ояту, мағынаны ажырату, ой-толғаныс.
Оқушыларға тиімді тәсілдерді қолдану.
Оқушының ойын бөлмеу, баланың көзқарасымен келісе отырып,
нәтиже шығару.
Өз сабақтарымызда қолданылатын әдіс-тәсілдер
Сабақта жаңа технология әдістері(айтылым,сөйлесім,
тыңдалым,жазылым)
Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту
технологиясы, АКТ, топтық жұмыс, жас ерекшеліктеріне қарай оқыту, талдау, салыстыру,
ой қозғау. Әдебиет пәнін оқыту- бөлім басында
оқушыларға кіріспе әңгіме
арқылы таныстырылып, бөлім
соңында оқушылырдың білім,
білік, дағдыларын тексеру мақсатында
сынақ тапсырмалары беріліп
орындалады. Шығарма, мазмұндама жұмыстары жоспар бойынша орындалды. Мектепішілік
қазанның 9-нан 14-не дейін апталық өткізілді.
Математика пәнінде
логикалық ойындар және
перфокарталар, карточкалар,
кестелер, сөзжұмбақтар қолданылды, өздік, бақылау жұмыстары
орындалды. Математика курсының
мазмұны арқылы ақыл-ой,
сезімге қатысты түсініктер
берілді.
Онда баланың танымдық белсенділігі артады,бірлесіп жұмыс
істейді, эссе мен бес жолды өлең жазады..Тапсырмаларды орындау кезінде
оқушылардың жас ерекшеліктеріне, ынтасына қараймыз. Қазақ тілі пәнін
оқып-үйрену барысында оқушылар өз
ойларын ауызекі және жазба
тілде бейнелеп,өзгелердің сөзін
толық түсінуге үйренді. Күрделі сөздер және
олардың түрлерімен танысты.
Сөз құрамын оқыту
оқушылардың сөздік қорын байыту, орфографиялық нормаларын
меңгеру жұмыстарымен бірлікте,
тығыз байланыста жүргізілді. Жоспар бойынша жазба диктант
жұмыстары орындалды.
Оқушының белгілі бір тақырыпты түсініп,сөйлей алуына
жағдай жасау және де сөйлеумен қатар
қазақтың ұлттық рухани тәрбиесімен,салт-дәстүрімен
мәліметтер,алмасып,кішіге ізет, үлкенге құрмет,Отанды сүю сияқты қасиеттерге
көп көңіл бөлу керектігін ұқтыру.Оқушыларды мейірімділікке, адамгершілікке
баулу, алған білімдерін өмірде пайдалана білуге дағдыландыру. Адам,
қоғам, табиғат, яғни реалды
дүниенің ірі үш
құрамдас бөлігі туралы оқушылар біртұтас
көзқарас қалыптастыру және
осы біртұтас дүниедегі адамның орны
мен рөлі туралы түсініктер алды. Бақылау, картамен, сұлбамен жұмыс,
әртүрлі аспаптар көмегімен
өлшеу, бағдарлау, шартты
белгілерді қолдану, сызбамен,
кестмен жұмыс, оларды
бүкіл оқу материалын зерделеуге
беріледі
Дене тәрбиесі
пәні спортзалда
балалармен қозғалмалы ойындарды ,
жаттығуларды өткіздік . Балалар
шепте тұрып санауды, 1,2 қатарға бөліну
элементтерін біледі . Стол
теннисін де меңгерді . Ал сыныпта
шахмат , дойбы және
т.б стол ойындарын
ойнайды . Жыл сайын өтетін дәстүрлі
«Денсаулық Фестиваліне»
қатысып , велосипедпен, роликтер ,
жүгіруге , футбол ойындарына
бар күш жігерлерін
салып қатысты.
Бастауыш сынып оқушылары
«Әліппемен қоштасу», «Тілашар»,
«Мақалшылар сайысы»
сияқты ашық тәрбие
сағаттарына, мектептегі ұйымдастырылған
айтулы мерекелерге белсене
араласады
Жаңа технологияларды кеңінен пайдалану әрбір
мұғалімнің міндеті. Егемен Қазақстанның келешегі-бүгінгі оқушылар,дүние жүзілік
білім деңгейінде қалыптасқан азамат,білімді,жаңжақты тұлға-біздің болашағымыздың
жарқын кепілі!
Бастауыш сынып мұғалімдері ЕстаеваК.К.
Нұрмағанбетова Ж.Т.
Дюсенбекова Г.Т.