Мемлекеттік мекеме Бұйрық № 118 13.01.2018 ж. «Қамқорлық» қайырымдылық акция айлығын өткізу туралы
ҚР білім және ғылым министірлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің 2018 ж. 11.01. күнгі № 290/1.4-10/481 хатына сәйкес және облыстық білім басқармасының 2018ж. 11.01 күнгі № 12 бұйрығын және аудандық білім бөлімінің 12.01.2018 ж. № 02-01/06 бұйрығын орындау мақсатында
Бұйырамын:
1. Мектепте 10 қаңтардан 10 ақпан аралығында «Қамқорлық» қайырымдылық акциясы ұйымдастырылсын. 2. Алдын ала ақпараттық бұрыш ұйымдастырылсын, үнпарақтар таратылсын. 3. Тұрмысы төмен отбасындағы балалар бірмезгілдік ыстық тамақпен қамтылсын. 4. Қатер тобындағы балаларды анықтау үшін рейдтік іс-шаралар өткізілсін. 5. Азаматтардың өтініштері бойынша жедел шара қолдану үшін «Шұғыл желінің» сенім телефондарының, білім ұйымдарындағы қоғамдық қабылдаулардың үздіксіз қорытындысы жұмыс істеуі ұйымдастырылсын. 6. Айлықтың есебі 10 ақпанға дейін хабарлансын.
Мектеп директоры Ерубаева А.Қ. |