"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БІРЖАН САЛ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ ҚЫЗЫЛҰЙЫМ АУЫЛЫНЫҢ НЕГІЗІГІ ОРТА МЕТЕБІ" КММ
КГУ «ОСНОВНАЯ СРЕДНЯЯ ШКОЛА СЕЛА КЫЗЫЛУЮМ ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО РАЙОНУ БИРЖАН САЛ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Өзін-өзі тану

24.02.2018

Өзiн-өзi

тану сабағының жоспары

 

  №23

сабақ

Мерзiмі:

22.02.18

Тақырып: Әдептілік

– адамгершілік бастауы

Құндылық: сүйіспеншілік

Қасиеттер: мейірім,

қуаныш, достық.

Сынып  9

Мектеп:

Қызылұйым негізгі мектебі

Мұғалім:

Алпысбаева Алтынай Жұмағұлқызы

Сабақ мақсаты: Оқушылардың

әдептілік, инабаттылық сыйластық туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеті:

Білімділік Әдептілік,

инабаттылық, сыйластықтың адами қарым-қатынастағы 

              

мәнін ашу;

Дамытушылық

Ізетті, сыйластықты қарым-қатынас жасау іскерліктерін

                      дамыту;

Тәрбиелік

Әдептілікке, ізеттілікке, инабаттылыққа тәрбиелеу.

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi. 2 мин.

Сәлемдесу, оқушылардың

көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.

5 Т ережесін

еске салу.

1.Тәртіп

2.Талап

3.Тыныштық

4.Тазалық

5.Татулық

2.Тыныштық сәтi.  Нұрға бөлену.

Ыңғайланып

отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз.Қолыңызды

тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

    Елесететіп көріңіз: Күн нұры сіздің

төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл

түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балығы және

таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді,эмоцияңыз бен

тілек-қалауыңызды шайып,жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі

сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз.Ол бірітіндеп күшейе

түсуде.Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз.Сіздің қолдарыңыз нұрға

бөленіп, сәуле шашуда.Қолымыз тек жақсы,ізгі істер істейді және баршаға  көмектеседі.Нұр аяқтарарыңызға

тарады.Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда.Олар сізді тек жақсылық жасау үшін

жақсы жерлерге апарады.Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

    Одан әрі нұр сіздің ауызыңызға,тіліңізге

тарады.Тіліңіз тек шындықты және   

жақсы,ізгі сөздер ғана айтады.Нұрды құлақтарыңызға бағқыттаңыз,

құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді 

ғана естейді. Нұр көздеріңізге 

де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінне жақсылықты көреді. Сіздің

басыңыз  тұгелдей нұрға бөленніп,

басыңызға тек ізігі, сәулелі  ой

келеді.

    Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана

бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңыздан сәуле шашады. Осы нұрды

туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға

бағыттаңыз.Нұрды уақытша түсініспей,ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз,олардың

да жүрегі нұрға толсын.Осы нұр бүкіл әлемге:барлық

адамдарға,жан-жануарларға,өсімдіктерге,барлық тірі жанға таралсын....Ғаламның

барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз.Ойша айтыңыз:"Мен нұрлымын...Нұр

менің ішімде...Мен Нұрмын"

Осындай

Нұр,Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз....

Енді осы

Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз.Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде.Оны

осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен

көзіңізді ашуға болады.Рахмет.

3.Үй тапсырмасын тексеру. 5

мин.

Оқушылардың   әңгімелесуде айтылған ойларды түйіндеу

үшін оқулықтағы Н.Шакузадаұлының «Әдептілік 

әліппесі» мәтінін оқу арқылы мұғалім жалғастырады. Мәтінді оқушылардың

өздеріне оқытуды ұйымдастыруға болады.

Әдептілік  әліппесі

Н.Шакузадаұлы

- Өз  

ортаңмен  үйлесімді  болудың 

мәні  неде?

- Әдепті 

әдетке  қалай  айналдыруға 

болады?

4.Дәйексөз Мұғалім сабақты оқулықта берілген

дәйексөзді талдаумен жалғастырады:

                   Инабат

– ердің азығы,

                   Бақыт

пенен дәулеттің

                   Ұстайтұғын

қазығы.

К.Әбубәкір

         Дәйексөзде

неліктен «Инабат – ердің азығы», - деп айтылғанына мән беріп, түсіндіреді.

5.Әңгiмелеу (сұхбат). 3мин.

«Әдептілік – адамгершілік бастауы»

дегенді  қалай түсінесіз?

         Өз

іс-әрекетіңізден ұялған кезіңіз болды ма?

         Әдепті

адам  бойында  қандай қасиеттер болуы қажет?

         Мұғалім

оқушыларға адам «Әдепті адам бойында қандай қасиеттер  болуы қажет?» деген сұрақты оқушылардың

қатысымен жан-жақты ашып, әдептілік – адамгершілік бастауы екенін

түсіндіреді.

6.Шығармашылық жұмыс,

топтық жұмыс. 12  мин.       

 Оқулықтағы жаңа ақпарат адамның ізеттілігі,

сыпайылығы сияқты көркем мінездері мен өнегелігі, қарапайымдылығы,  тәрбиелілігі, инабаттылығы туралы оқушы

білімдерін нығайта түсуіне көмектеседі.

         Әдептілікке  адамның ізеттілігі, сыпайылығы сияқты  көркем мінездері мен өнегелігі,

қарапайымдылығы, тәрбиелілігі, инабаттылығы жатады.

7.Дәптермен жұмыс

Дәптердегі

1,2,3-тапсырманы орындау.

8.Топпен ән айту. 3 мин  

Көңіліңе ұстап, тоқып ал

Д.Әлемжанов

                   Аталы

сөз іздесең,

                   Көп

көргеннен ақыл ал!

                  Асыл ойдан із көрсең

                   Көңіліңе

тоқып ал!

                   Әрбір

сөзін ардақтап,

                   Сабақ

ет өмір ісіңе!

                   Жүрме

артынан жалтақтап,

                   Сенбей

өмір күшіңе!                  

9.Үй тапсырмасы. 2 мин. Мәтінді  оқу

10.Қорытындылау, соңғы тыныштық сәтi. 3 мин.

         1. «Әдептілік – адамгершілік

бастауы» дегенді  қалай түсінесіз?

         2.

Өз іс-әрекетіңізден ұялған кезіңіз болды ма?

         3.

Әдепті адам  бойында  қандай қасиеттер болуы қажет?

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды

айқастырмаңыз.Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді

жұмуларыңызды өтінемін.

    Елесететіп көріңіз: Күн нұры

сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта

тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді.

Балығы және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді,эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды

шайып,жүрегіңіздің қауызын ашты.

 

 

Просмотров: 390


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст