Текст
30 сәуір күні Қызылұйым негізгі мектебінің бастауыш сынып оқушыларына 1 мамыр аясында «Мақсаттар бірлігі – рух бірлігі» тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Оқушыларға 1 мамыр – халқымыздың бірлігі күні болып есептелетіні, бүгін таңда қазақтың байтақ даласына 130 – дан астам ұлт өкілдеріне ортақ отан болып табылатындығы айтылды. Шағын ғана уақыттың ішінде оқушылар тақпақтар, өлеңдер айтып бірлесе отырып тақырып бойынша мақалдар айтылып ребустар шешіліп, суреттер салынды.
Бастауыш сынып мұғалімдері: Естаева К. Қ.
Нұрмағанбетова Ж. Т.