"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БІРЖАН САЛ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ ҚЫЗЫЛҰЙЫМ АУЫЛЫНЫҢ НЕГІЗІГІ ОРТА МЕТЕБІ" КММ
КГУ «ОСНОВНАЯ СРЕДНЯЯ ШКОЛА СЕЛА КЫЗЫЛУЮМ ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО РАЙОНУ БИРЖАН САЛ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Махаббат пен шығармашылық педагогикасы»

14.02.2020

Қызылұйым неізгі мектебі

 «Өзін-өзі тану»: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» тақырыбындағы онкүндіктің қорытынды есебі

Біз XXI-ші ғасырда, адам санасының шарықтап дамыған уақытында өмір сүру мүмкіндігін алып отырмыз. Бұл бізден осы заманның сұранысы мен талабына сай білімді, рухани байлықты қажет етеді. Баланың жеке тұлға ретінде үйлесімді қалыптасуы мен дамуы өзін-өзі тани білгенде ғана жүзеге аспақшы. Осы орайда көптеген жылдар бойы аналық жүрек жылуын бала өміріне арнап келе жатқан Сара Алпысқызының авторлығымен енгізілген «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасының маңыздылығын және сырлы әлемге толы дүние екендігін баршаға таныту мақсатында 2020жылы 3 ақпанда Қызылұйым негізгі мектебінде «Өзін-өзі тану»: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» онкүндігінің жалпы мектептік салтанатты ашылу жиыны өткізіліп, онкүндік бойынша іс-шараның жоспарымен таныстырылды. Мектеп директоры Ерубаева А.Қ. сөз сөйлеп, оқушыларды әдептілікке, сыпайылыққа, сыйластыққа, қамқорлыққа, татулыққа, сүйіспеншілікке, махаббатты бағалай білуге, жақсылық жасауға, адамгершілікке, достық, татулық, мейірімділікке шақыра отырып, онкүндіктің жақсы деңгейде өтуіне сәттілік тіледі. Дәстүрлі онкүндікті ұстаздар, оқушылар үлкен қуанышпен қарсы алды.                      Онкүндіктің мақсаты: Өзін-өзі тану пәнінің авторы С.А.Назарбаеваның еңбегін таныту, оқушылардың бойына рухани-адамгершілік қасиеттерді дарыту, ұлттық және жалпы адами құндылықтарды дамыту, өзара келісім мен  өзара түсіністікке баулу, мейірімділік пен  адамзатқа деген сүйіспеншілікті  қалыптастыру                                                                                                    4 ақпанда «Балаға жүрек жылуы» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді                            5 ақпан күні оқушылардың дарындылық қабілеттерін ашу бағытында «Әлем мейірімділік пен сұлулыққа толы» тақырыбымен балалардың шығармашылық сурет көрмесі ұйымдастырылып,өткізілді. Оған балалардың Отан, достық, қайырымдылық, отбасы, табиғат тақырыптарына салынған суреттері жинақталды.Байқау барысында оқушылардың белсенділік танытып, сурет салуға деген қызығушылықтарын арттырды.

2-6 сынып оқушылар аралығында «Алтын жүрек анамыз» тақырыбында өлеңдер сайысы ұйымдастырылды.Сайысқа қатысқан оқушылар оқулықта берілген авторлардың өлеңдерін жатқа айтты.

Мектеп психологы Естаев Т.Т. «Адамзаттың мәңгі құндылықтары» дөңгелек үстел ұйымдастырды. Дөңгелек үстел мақсаты: жас ұрпақтың бойына адамгершілік, ізгілік, қамқорлық, қайырымдылық сияқты асыл қасиеттерді бойына дарыту, мақсатында әлеуметтік жағынан ата – анасының қамқорынсыз қалған, күнкөрісі төмен отбасыларынан шыққан оқушыларға материалдық көмек көрсету .

Онкүндік аясында 2- 9 сыныптар аралығында «Мейірімділік –асыл қасиет», «Жақсы сөз -жанға қуат »,« Махаббат – өмір өзегі»,тақырыбында танымдық сабақтар, ашық сабақтар өткізілді. 12 ақпан күні «Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» онкүндігінің қорытынды шарасы ретінде «Өзін- өзі тану» пәнінің негізгі авторы, «Бөбек» қорының негізін қалаушы Қазақстанның бірінші ханымы, мейірім мен ізгіліктің символы, ел анасы Сара Алпысқызы Назарбаеваның 12 ақпан туған күніне орай «Жүрекке жол тапқан - мейірімді ана Сара Алпысқызы!» атты концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.  «Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» өскелең ұрпаққа берген білімімізбен тәрбиеміз, келешекте еліміздің өркендеп өсуі мен дамуына ықпал жасасын. Мектебімізде әлі де осындай игі істер жалғасын табады.

 

 

 

 

Просмотров: 451


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст