Қызылұйым негізгі мектебінде 04 – 17 сәуір аралығында
«Қауіпсіз интернет» республикалық акцияның өткізілуі туралы
Қызылұйым негізгі мектебінде «Қауіпсіз Интернет» республикалық акция өткізуі бойынша жоспар құрылды. Жоспар бойынша 04 – 17 сәуір аралығында іс-шаралар өткізілді. Іс – шараларға мұғалімдер мен оқушылар белсенді қатысты. «Интернет: иә және жоқ» тақырыбы бойынша дөңгелек үстел ұйымдастырылып өткізілді. Оқушылар арасында интернетті қолдайтын да, интернетке қарсы да пікірлер айтылды.
« Интернет желісін дұрыс пайдалану » атты презентация көрсетілді. Интернетке, әлеуметтік желілерге байланысты әр түрлі сұрақтар қойылып, сөз қозғалды.
2-9 сыныптар аралығында сынып сағаттары өткізілді. Республикалық акция басталуына және қорытындылауға мектептік саптүзету болды.