12 - сәуір Ғарышкерлер күні
Мен 12 сәуір күні төртінші сынып оқушыларымен ғарышкерлер күніне арналған сынып сағатын өткіздім. Бұл сынып сағатының мақсаты: оқушыларды қазақтың ғарышкерімен таныстыру, өмірбаянына шолу жасау, мәлімет беру. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, патриоттық сезімін, әрі ұшқыш, ғарышкер болуына оқушылар қиялын тәрбиелеу, табандылыққа, шыдамдылыққа, тәртіптілікке үйрету. XX ғасырдың 2 - шы жартысындағы адам баласының ғарышты игерудегi жетiстіктері, оның ғылыми маңызы жайында бiлiм беру. Fылыми жаңалықтардың маңызын түсiне бiлу қабілеттерiн дамыту. Бұл сабақтамен мультимедиялық аппарат қолдандым: «Юрий Гагарин, Валентина Терешкова, Талғат Мұсабаев, Тоқтар Әубәкіров, Айдын Айымбетовтың» портреттерін көрсеттім.Тарих пәнінің мұғалімі Естаев Темірбай Темірханұлы әр ғарышкер туралы оқушыларға қызықты мәліметтер айтып берді. Сабақтың соңында оқушылар ғарыш, ғарышкерлер туралы мақал – мәтелдер айтты.
Бастауыш сынып мұғалімі: Естаева К.Қ