Текст
Рухани жаңғыру
бағдарламасы аясында сынып жетекшілер
бірлестігінің әзірлеуімен мектебімізде
салт -дәстүрімізді дәріптейтін тәрбие сағаттары
ұйымдастырылды. Барлығы төрт сынып сағаты өткізіліп, соның ішінде 6- сынып жетекшісі Алтынай Жұмағұлқызының өткізген «Салт дәстүрімізді ардақтайық» атты
сабағы жоғары деңгейде өткізілді. Апасы, анасы, қызынан
тұратын 3 топ өзара сайысып, жеңімпаз
топтар анықталды Сайыс соңында апалар мен аналар өздері дайындаған ұлттық тамақтарынан
дастархан жайып, ақ жаулықты,сексенге келген Шолпан әже оқушыларға ақ батасын
берді .